РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23.01.2001 жылғы Заңын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 08.12.1993 жылғы Заңының 14 бабы 4 тармағын және жергілікті халықтың пікірін және ардагерлер кеңесінің хаттамасын ескере отырып, аймаққа еңбегі сіңген азаматтардың есімдерін есте қалдыру, жаңадан салынып жатқан көшелердің есімдерін беру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңадан салынған көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Сағындықов Жұмаш атағы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Село әкімі | У.Ермекбаев |