Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №55-қ "Мұнайлы ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 34-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 наурызда № 3289 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №55-қ "Мұнайлы ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3019 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2016 жылғы 29 сәуірдегі №24-25 (554-555) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Оспанға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Әкімнің міндетін атқарушы Н. Жолбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады