Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы №35-қ "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 187-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қазанда № 3435 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпанындағы № 35-қ "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3298 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 наурыздағы №22-23) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы және 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакциядағы жазылсын:

      "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы;

      1. Қоса беріліп отырған 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.";

      қосымшада:

      тақырыбы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері";

      реттік нөмірі 33 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

33

"Тұлпар" жеке меншік балабақшасы "Жеке кәсіпкер Саурбаева Жаныл" (Саурбаева Жаныл Ахмедовна)



60





31844





11039



      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлі 38, 39 және 40 жолдармен толықтырылсын:

      "

38

"Мұрагер" жеке меншік балабақшасы
"Жеке кәсіпкер Ерасыл" (Конысбаева Гулжанат Утеуовна)



100





26997





11039



39

"Ақнұр" жеке меншік балабақшасы "Жеке кәсіпкер Абенова А.Ж." (Абенова Айнур Жаксыбаевна)



75





31844





11039



40

"Мыңғасыр" жеке меншік балабақшасы "Жеке кәсіпкер Суюнова А.Б." (Суюнова Айман Базаровна )



75





31844





11039



      ".

      2. "Мұнайлы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Біләловке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Тәжібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақнұр" жеке меншік балабақшасы

      "Жеке кәсіпкер Абенова А.Ж."

      А.Ж.Абенова

      20 қыркүйек 2017 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық экономика және

      қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының уақытша міндетін атқарушы

      А.Көшекбаева

      20 қыркүйек 2017 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Е.Овезов

      20 қыркүйек 2017 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұрагер" жеке меншік балабақшасы

      "Жеке кәсіпкер Ерасыл"

      Г.У.Конысбаева

      20 қыркүйек 2017 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мыңғасыр" жеке меншік балабақшасы

      "Жеке кәсіпкер Суюнова А.Б."

      А.Б.Суюнова

      20 қыркүйек 2017 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Тұлпар" жеке меншік балабақшасы

      "Жеке кәсіпкер Саурбаева Жаныл"

      Ж.А.Саурбаева

      20 қыркүйек 2017 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады