Қостанай ауданындағы № 7/16 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 6844 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы № 7/16 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су ресурстары

      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды

      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-

      Торғай бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _______________Г. Оспанбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай

      облысы тұтынушылардың құқықтарын

      қорғау департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ В. Нечитайло

  Әкімдіктің
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 28 қаулысына қосымша

Қостанай ауданындағы № 7/16 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

I-белдеу

II-белдеу

III-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 7/16 ұңғыма

Ұзындығы – 112 метр солтүстік жағы
Ұзындығы – 100 метр оңтүстік жағы
Ені – 85 метр батыс жағы
Ені – 38 метр шығыс жағы

0,59 гектар

Ұзындығы – 112 метр солтүстік жағы
Ұзындығы – 100 метр оңтүстік жағы
Ені – 85 метр батыс жағы
Ені – 38 метр шығыс жағы

0,59 гектар

Ені – 1 метр
Ұзындығы – 2000 метр

0,2 гектар

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қостанай облысы Қостанай ауданындағы № 7/16 су тарту ұңғымасының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесінің" "Роса-2014" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сумен жабдықтау үшін санитарлық қорғау аймағы жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші – "Роса-2014" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады