"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 69-баптарына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Рудный қаласы – Қашар кенті – Федоров ауылы магистралдық газ құбыры" объектісін пайдалану және қызмет көрсету үшін Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Таран орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі орман қорының Қостанай облысы, Федоров ауданы аумағында орналасқан жер учаскесiне қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2017жылғы 224 шілдедегі қаулысына қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Таран орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі орман қоры аумағында орналасқан жер учаскесіне қауымдық сервитут
Жер учаскесінің орналасқан жері | Жалпы алаңы (гектар) | Жабдықтардың атауы | Ауыл шаруашылық алқаптарының алаңы (гектар) | Соның ішінде, егістік (гектар) |
Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Таран орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі орман қорының жерлері | 1,3188 | № 2 кран торабы | 0,0078 | 0,0078 |
Магистралдық газ құбыры | 1,3030 | 1,3030 | ||
№ 4 катод станциясы | 0,0050 | 0,0050 | ||
Қашар ҚС бастап ӘЖ- 10 кВ | 0,0030 | 0,0030 |
Еcкертпе:
ӘЖ – Әуе желілері
кВ – кило вольт
ҚС – Қосалқы станция