Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 286 "Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы "Туристік коттедж қалашығының кешенді қызмет көрсету туристік супермаркеті" объектісінің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3637 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы "Туристік коттедж қалашығының кешенді қызмет көрсету туристік супермаркеті" объектісінің құрылысына арналған учаскеде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
мемлекеттік тілдегі 1-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы "Туристік коттедж қалашығының кешенді қызмет көрсету туристік супермаркеті" объектісінің құрылысына арналған учаскеде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
мемлекеттік тілдегі 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы "Туристік коттедж қалашығының кешенді қызмет көрсету туристік супермаркеті" объектісінің құрылысына арналған учаскеде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары қосымшаға сәйкес белгіленсін.", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы "Туристік коттедж қалашығының кешенді қызмет көрсету туристік супермаркеті" объектісінің құрылысына арналған учаскеде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
2017 жылғы 3 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы Қоғамдық
денсаулық сақтау департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ О. Бекмағамбетов