"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мен "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемелері бекітілген техникалық және кәсіптік, жоғары білiмі бар және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті оқу орындарында заңнамада белгіленген тәртіппен орналастыруды жүргізсін.
3. Қостанай облысы әкімдігінің:
2017 жылғы 10 наурыздағы № 120 "2017-2018 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6987 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2017 жылғы 16 маусымдағы № 302 "Әкімдіктің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 120 "2017-2018 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7124 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түріндегі оның көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 578 қаулысына 1-қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с | Мамандықтар топтарының атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы ішінде 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) | ||||
күндізгі оқу | сырттай оқу | ||||||
күндізгі оқу | сырттай оқу | 2017 | 2018 | 2017 | 2018 | ||
1 | 0101000 Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу | 280 | 50 | 182,0 | 364,0 | 72,8 | 145,6 |
2 | 0103000 Дене тәрбиесі және спорт | 125 | 182,0 | 364,0 | |||
3 | 0104000 Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) | 125 | 25 | 171,7 | 343,2 | 68,7 | 137,3 |
4 | 0105000 Бастауыш білім беру | 240 | 182,0 | 364,0 | |||
5 | 0111000 Негізгі орта білім беру | 25 | 182,0 | 364,0 | |||
6 | 0301000 Емдеу ісі | 100 | 154,8 | 309,7 | |||
7 | 0302000 Медбикелік іс | 75 | 163,0 | 326,0 | |||
8 | 0305000 Зертханалық диагностика | 25 | 163,0 | 326,0 | |||
9 | 0402000 Дизайн (бейіні бойынша) | 25 | 172,2 | 344,4 | |||
10 | 0403000 Әлеуметтік-мәдени қызметі және халық көркем шығармашылығы (бейіні бойынша) | 100 | 334,3 | 668,5 | |||
11 | 0404000 Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) | 35 | 486,5 | 973,1 | |||
12 | 0405000 Хор дирижері | 12 | 486,5 | 973,1 | |||
13 | 0406000 Музыка теориясы | 2 | 486,5 | 973,1 | |||
14 | 0407000 Ән салу | 4 | 486,5 | 973,1 | |||
15 | 0501000 Әлеуметтік жұмыс | 25 | 162,4 | 324,9 | |||
16 | 0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика | 50 | 207,0 | 414,0 | |||
17 | 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру | 275 | 207,0 | 414,0 | |||
18 | 0706000 Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу | 50 | 15 | 174,7 | 349,3 | 61,2 | 122,4 |
19 | 0707000 Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 100 | 15 | 153,0 | 305,9 | 61,2 | 122,4 |
20 | 0901000 Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) | 25 | 202,5 | 404,9 | |||
21 | 0902000 Электрмен жабдықтау (салалары бойынша) | 125 | 175,9 | 351,8 | |||
22 | 0907000 Жылу-техникалық жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) | 25 | 162,6 | 325,3 | |||
23 | 0910000 Электрлік және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | 25 | 162,6 | 325,3 | |||
24 | 0911000 Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | 100 | 162,6 | 325,3 | |||
25 | 1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | 75 | 191,8 | 383,7 | |||
26 | 1107000 Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен | 392,3 | |||||
жабдықтарын техникалық пайдалану | 25 | 196,1 | |||||
27 | 1108000 Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) | 25 | 157,5 | 315,0 | |||
28 | 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 100 | 176,8 | 353,6 | |||
29 | 1115000 Өнеркәсіптегі электрлік механикалық жабдықтар(түрлері бойынша) | 50 | 196,1 | 392,3 | |||
30 | 1118000 Тамақ, сауда және ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары | 25 | 157,5 | 315,0 | |||
31 | 1121000 Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 25 | 196,1 | 392,3 | |||
32 | 1201000 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 125 | 158,4 | 316,9 | |||
33 | 1202000 Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) | 25 | 158,4 | 316,9 | |||
34 | 1203000 Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 75 | 158,4 | 316,9 | |||
35 | 1211000 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 61 | 202,6 | 405,3 | |||
36 | 1216000 Элеваторлық, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі | 50 | 202,6 | 405,3 | |||
37 | 1218000 Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары | 25 | 202,6 | 405,3 | |||
38 | 1219000 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі | 125 | 202,6 | 405,3 | |||
39 | 1224000 Сүт өнімдерінің өндірісі | 25 | 202,6 | 405,3 | |||
40 | 1302000 Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша) | 25 | 168,7 | 337,5 | |||
41 | 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым (түрлері бойынша) | 200 | 168,6 | 337,3 | |||
42 | 1401000 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 181 | 12 | 196,1 | 392,3 | 65,0 | 129,9 |
43 | 1402000 Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | 50 | 182,1 | 364,2 | |||
44 | 1403000 Ішкі санитариялық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) | 30 | 201,8 | 403,5 | |||
45 | 1405000 Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану | 25 | 162,4 | 324,8 | |||
46 | 1410000 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы | 25 | 162,4 | 324,8 | |||
47 | 1414000 Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша) | 40 | 201,8 | 403,5 | |||
48 | 1418000 Сәулет | 50 | 162,4 | 324,8 | |||
49 | 1501000 Ауыл шаруашылығы | 15 | 161,1 | 322,3 | |||
техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | |||||||
50 | 1502000 Агрономия | 50 | 161,1 | 322,3 | |||
51 | 1504000 Фермер шаруашылығы (бейіні бойынша) | 239 | 177,1 | 354,1 | |||
52 | 1508000 Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) | 50 | 15 | 185,0 | 370,1 | 64,5 | 129,0 |
53 | 1509000 Экология және табиғат қорғау қызметі (түрлері бойынша) | 25 | 161,3 | 322,5 | |||
54 | 1510000 Ауыл шаруашылығын механикаландыру | 50 | 15 | 161,3 | 322,5 | 81,4 | 162,8 |
55 | 1511000 Жерге орналастыру | 25 | 161,3 | 322,5 | |||
56 | 1513000 Ветеринария | 100 | 161,3 | 322,5 |
Әкімдіктің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 578 қаулысына 2-қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с | Мамандықтар топтарының атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы ішінде 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) | |
2017 жылы | 2018 жылы | |||
1 | 5В072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы | 3 | 28,88 | 231,1 |
2 | 5В072900 Құрылыс | 3 | 28,88 | 231,1 |
3 | 5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру | 3 | 28,88 | 231,1 |
4 | 5В071800 Электр энергетикасы | 3 | 28,88 | 231,1 |
5 | 5В070200 Автоматтандыру және басқару | 3 | 28,88 | 231,1 |
6 | 5В070300 Ақпараттық жүйелер | 3 | 28,88 | 231,1 |
7 | 5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар | 2 | 28,88 | 231,1 |
8 | 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі | 2 | 28,88 | 231,1 |
9 | 5В010800 Денешынықтыру және спорт | 4 | 36,95 | 295,5 |
10 | 5В011200 Химия | 3 | 36,95 | 295,5 |
11 | 5В011300 Биология | 3 | 36,95 | 295,5 |
12 | 5В011400 Тарих | 2 | 36,95 | 295,5 |
13 | 5В10600 Музыкалық білім | 1 | 36,95 | 295,5 |
14 | 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі | 6 | 36,95 | 295,5 |