Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 20.11.2017 № 578 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 2 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15002 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 120 "2017-2018 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6987 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру | 0508012 Аспаз | 2 жыл 10 ай | 200 | 621,0 |
0508022 Кондитер | 2 жыл 10 ай | 50 | 621,0 | ||
0508042 Даяшы | 2 жыл 10 ай | 25 | 621,0 |
";
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25 | 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 1114042 Электр газымен дәнекерлеуші | 2 жыл 10 ай | 75 | 588,4 |
1114063 Техник-механик | 3 жыл 6 ай | 25 | 472,5 |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі бекітілген техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті оқу орындарында заңнамада белгіленген тәртіппен орналастыруды жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |