Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 216 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 қаңтарда № 7441 болып тіркелді

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6157 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларында:

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкiлеттi органдар тыйым салған жерлердегі жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу;

      тиісті тыйым салу немесе ескерту белгілері орнатылған жерлерде шомылу;

      тиісті тыйым салу немесе ескерту белгілері орнатылған жерлерде шағын кемелерде және басқа жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтыны айқындалсын.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес су айдындарының қауіпті және демалу мен шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдар тыйым салу және ескерту белгілерін орнатады.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Утеулин
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________Г. Оспанбекова

      2017 жылғы 8 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитетінің Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ О. Бекмағамбетов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрілігінің Төтенше жағдайлар

      комитеті Қостанай облысының Төтенше

      жағдайлар департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      ________________Т. Какимов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Энергетика

      министрілігі Экологиялық реттеу және

      бақылау комитетінің Қостанай облысы

      бойынша Экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ В. Мухамеджанов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      табиғи ресурстар және табиғат

      пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ М. Шаимов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады