Мәслихаттың 2016 жылғы 03 маусымдағы № 41 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 105 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 6830 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.08.2020 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6509 тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

      7 - тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) оқудың нақты құны бойынша шығындарды өнідіріп алу үшін, оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын, 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, алғаш рет техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алатын мына адамдар қатарынан:

      жүгінген күннің алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табыстары бар көп балалы және толық емес отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын жастарға, балалар үйінің түлектеріне, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, табыстарын есепке алмай, оқудың күндізгі нысанын төлеу үшін;

      мүгедекті бейімдеудің жеке бағдарламасына ұсыныс бар барлық санаттардағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
№ 1 сайлау округі
бойынша депутаты
Н. Медетов
      Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Сандыбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________ С. Умаров

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Н. Дорошок

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады