"Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 113 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 наурызда № 6924 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 226 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 12.03.2018 № 226 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13 "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6316 тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы, № 14
сайлау округі бойынша депутаты
О. Игимбаева
      Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Сандыбеков

  Мәслихаттың
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 113 шешімімен бекітілген

"Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес әзірленді және "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімі (бұдан әрі – ұйымдастырушылық-құқықтық бөлім) оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Комиссияны құру туралы өкімге өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның хатшысы "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадрлық іс жүргізуге жауапты бас маманы (бұдан әрі – бас маман) болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмыстың жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана бас маманға беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Бас маман Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

      Бас маман бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігін қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құжат айналымын жүргізуге жауапты бас маман (бұдан әрі – құжат айналымын жүргізуге жауапты бас маман) және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" балл мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы бас маман және құжат айналымын жүргізуге жауапты бас маман берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған түзетулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісі қол қояды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула бойынша есептейді:

     


      мұндағы

– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шкала бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 (қоса алғанда) баллға дейін – "тиімді", 130 баллдан астам – "өте жақсы".

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырады, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шкала бойынша қойылады:

      жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

      31. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісі қол қояды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

      32. Бас маман "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     

мұндағы

     

– жылдық баға;

     

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мәні). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шкаланы есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) 2 балл беріледі,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

     

– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мәні);

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шкала бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9-ға дейін – "қанағаттанарлық; 4 баллдан бастап 4,9-ға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Бас маман Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Бас маман Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Бас маман бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда бас маман танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарауды жүзеге асырады және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендету туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Қостанай қалалық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
жеке жұмыс жоспары
_____________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):____________

      ___________________________________________________________

      Қызметшінің лауазымы: ______________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________

      ___________________________________________________________


№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1

Мақсаттық көрсеткіш 1


2

Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4


      Ескертпе:

      *Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) жетуге бағытталғанын есепке алып, олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сүйене отырып анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

Қызметші ________________
(тегі, аты-жөні)
күні _____________________
қолы ____________________
 

Тікелей басшы ______________
(тегі, аты-жөні)
күні ________________________
қолы ________________________

  "Қостанай қалалық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы
_____________________ тоқсан _____ жыл
(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _______________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ___________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

1








2








3









Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



Қызметші _______________
(тегі, аты-жөні)
күні ____________________
қолы ___________________
 

Тікелей басшы _____________
(тегі, аты-жөні)
күні ______________________
қолы ______________________

  "Қостанай қалалық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы
__________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ______________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Атауы

Мағынасы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1.

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




2.

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




3.

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




4.






Қызметші ________________
(тегі, аты-жөні)
күні _____________________
қолы ____________________
 

Тікелей басшы ______________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы _______________________

  "Қостанай қалалық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
___________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

____________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және
бағаланатын кезең
(тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау нәтижелерін түзету (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.









      Комиссия қорытындысы:

      ___________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: _______________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады