Қостанай қаласының аумағында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1257 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 маусымда № 7075 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 05.01.2018 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27-баптарына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының 101, 102-тармақтарына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласының аумағында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулынсына орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жоніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Жақыпов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 21 сәуірдегі
№ 1257 қаулысына қосымша

Қостанай қаласының тиісті аумағында жоқ тауарларда тұтынушылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін, автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

      1. Ғ.Қайырбеков көшесі, "Рассвет" дүкеннің жанында.

      2. Ғ.Қайырбеков көшесі, "Меркурий" дүкеннің жанында.

      3. Ғ.Қайырбеков көшесі, "Солнечный" дүкеннің жанында.

      4. Ғ.Қайырбеков көшесі, № 55 үйдің оң жақ қасбеті.

      5. С.Кубеев көшесі, "Бонус" дүкеннің жанында.

      6. Курганская көшесі, "Курганский" дүкеннің жанында.

      7. Курганская көшесі, "Любимая Ева" дүкеннің жанында.

      8. Чернышевский көшесі, "АК-КУ" дүкеннің жанында.

      9. В.Чкалов көшесі, "Чкаловский" дүкеннің жанында.

      10. Чкалов көшесі, "Диар" мейрамхананың жанында.

      11. 9 шағын аудан, № 15 үйдің қасбеті.

      12. 8 шағын аудан, "Адлет" дүкеннің жанында.

      13. 7 шағын аудан, № 15 үйдің сол жақ қасбеті.

      14. 5 шағын аудан, № 9 үйдің қасбеті.

      15. Гвардейская көшесі, № 15 үйдің қасбеті.

      16. Гоголь көшесі, "Бородинский" дүкеннің жанында.

      17. Гоголь көшесі, "Цветная" дәріхананың жанында.

      18. Қобланды Батыр даңғылы, "Арман" дүкеннің жанында.

      19. Қобланды Батыр даңғылы, "Оазис" дүкеннің жанында.

      20. Аманкелді шағын аудан, "Ритм" дүкеннің жанында.

      21. Әл-Фараби даңғылы, "Юбилейный" дүкеннің жанында.

      22. Әл-Фараби даңғылы, "Радуга" дүкеннің жанында.

      23. Әл-Фараби даңғылы, "Султан дүкеннің жанында.

      24. Әл-Фараби даңғылы, "Любава" дүкеннің жанында.

      25. Әл-Фараби даңғылы, "Лель" дүкеннің жанында.

      26. Әл-Фараби даңғылы, "Нур" дүкеннің жанында.

      27. Әл-Фараби даңғылы, "Вокзал" дүкеннің жанында.

      28. Әл-Фараби даңғылы, "Колос" дүкеннің жанында.

      29. Әл-Фараби даңғылы, "Крылечко" дүкеннің жанында.

      30. Әл-Фараби даңғылы, "Костанай" дүкеннің жанында.

      31. Ы.Алтынсарин көшесі, № 28 үйдің оң жақ қасбеті.

      32. С.Баймагамбетов көшесі, "Бек" дүкеннің жанында.

      33. С.Баймагамбетов көшесі, "Айбек" дүкеннің жанында.

      34. А.Бородин көшесі, № 182 үйдің оң жақ қасбеті.

      35. Быковский көшесі, "Альфа" дүкеннің жанында.

      36. Ворошилов көшесі, "ТОТ" дүкеннің жанында.

      37. Волынов көшесі, № 13 үйдің оң жақ қасбеті.

      38. Воинов-Интернационалистов көшесі, "Жума" дүкеннің жанында.

      39. В.Чкалов көшесі, № 7 және № 9 тұрғын үйлердің қасбеті жағынан.

      40. Строительная көшесі, № 4/1 үйдің оң жақ қасбеті.

      41. Садовая көшесі, "Горячий хлеб" дүкеннің жанында.

      42. Текстильщиктер көшесі, № 29 дүкеннің жанында.

      43. С.Мауленов көшесі, № 18 үйдің жанында.

      44. Б.Майлин көшесі, № 18 үйдің оң жақ қасбеті.

      45. Маяковский көшесі, "Овощи" дүкеннің жанында.

      46. Генерал Арстанбеков көшесі, Воинов Интернационалистов және

      В.Чкалов көшелерінің шекарасында, жұп жағы.

      47. Омар Досжанов көшесі, № 135 үйдің оң жақ қасбеті.

      48. Лермонтов көшесі, "Восток" дүкеннің жанында.

      49. Орталық сквер.

      50. Тобыл жағажайы.

      51. Текстильщиков көшесі, "Жастар" бульвары.

      52. Тобыл өзенінің жағалауы.

      53. Әл-Фараби даңғылы, "Детский мир" және "Султан" дүкенінің жанында.

      54.М.Дулатов көшесі, Победа және Аманкелді көшелерінің шекараларында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады