Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 17.06.2022 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 319 "Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5124 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қашар кентінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Рудный қалалық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | Д. Гусак |
Қалалық мәслихат хатшысы | В. Лощинин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қашар кенті әкімінің
міндетін атқарушы
_______________ А. Қойшынов
2017 жылғы 25 шілде