Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 320 "Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2017 жылғы 25 шілдедегі № 147 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 тамызда № 7182 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 132 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 17.06.2022 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 320 "Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5125 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Горняцк кенті мен Перцев ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Рудный қалалық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы
Д. Гусак
      Қалалық
мәслихат хатшысы
В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ

      Горняцк кенті әкімінің

      міндетін атқарушы

      __________Б. Сандыбаев

  Мәслихаттың
2017 жылғы 25 шілдедегі
№ 147 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2014 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 320 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Тұрғындар өкілдерінің саны

1

Горняцк кенті

11

2

Перцев ауылы

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады