Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 320 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қазанда № 5125 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 132 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 17.06.2022 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы
С. Свинарева
      Қалалық
мәслихат хатшысы
В. Лощинин

  Мәслихаттың
2014 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 320 шешімімен бекітілді

Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кенті мен Перцев ауылы (бұдан әрі – Горняцк кенті мен Перцев ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Горняцк кенті мен Перцев ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұда әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Горняцк кентінің әкімі шақырады.

      Рудный қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиындарды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Горняцк кенті немесе Перцев ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Горняцк кентінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Горняцк кенті мен (немесе) Перцев ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Горняцк кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Горняцк кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Горняцк кенті мен Перцев ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Рудный қалалық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 25.07.2017 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Горняцк кенті әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 320 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 25.07.2017 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Тұрғындар өкілдерінің саны

1

Горняцк кенті

11

2

Перцев ауылы

4

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады