"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Құс фабрикасы ғимараттарын газбен жабдықтау" объектісі бойынша газ құбырын салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 1169 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қазанда № 7240 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, Перцев ауылынан "Жас-Канат 2006" құс фабрикасына дейінгі мекенжайда орналасқан "Құс фабрикасы ғимараттарын газбен жабдықтау" объектісі бойынша газ құбырын салу үшін алаңы 5,6607 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитуты белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады