Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округінің Қайынды ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте № 7187 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округі әкімінің 28.04.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 - бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспектордың 2017 жылғы 1 шілдедегі № 01-20/400 ұсынуы негізінде Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінде орналасқан Қайыңды ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Арқалық қалалық әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Арқалық қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық – санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық – санитариялық іс – шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қайыңды ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Қуанышқали

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ Е. Асылбаев

      2017 жылғы 15 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      ауыл шаруашылығы министрлігі

      ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Арқалық

      қалалық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________ Қ. Тлеуқабылов

      2017 жылғы 15 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің

      Арқалық қалалық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________Б. Қорғанбекова

      2017 жылғы 15 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады