Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 19.08.2020 № 426 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Лисаков қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4221 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы оқу орындарында білім алумен байланысты, нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім), алған тұлғалар санынан, оқу жылы ағымында екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, оқуға ақы төлеуге мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде:
өтiнiш жасаудың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi – ең төменгi күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | А. Демисенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Лисаков қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Ш. Бекмухамедова
2017 жылғы "23" ақпан