2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 155 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қарашада № 7286 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудан әкiмi Н. Өтегенов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 12 қазандағы
№ 155 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

№ р/с

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1.

"Аманкелді ауданының ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аманкелді мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

56

1,8 %

1

2.

Аманкелді ауданы әкімдігінің "Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

51

2 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады