"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы"2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудан әкiмi | Н. Өтегенов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 12 қазандағы № 157 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері
№ р/с | Ұйымның атауы | Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде | Жұмыс орындарының саны |
1. | Аманкелді ауданы әкімдігінің "Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 51 | 2 % | 1 |