1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында "Ауле-Би" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Ауле-Би 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мал шаруашылығы кешені аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Первомай ауылы әкімінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 2 "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында "Ауле-Би" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Ауле-Би 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мал шаруашылығы кешені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6656 болып тіркелген, "Әулиекөл" газетінде 2016 жылғы 10 қарашада жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 16 наурызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Первомай ауылының әкімі | Д. Тлемісов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Жасанбаев Н. М.
2017 жылғы 11 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Тайшибаев А. Т.
2017 жылғы 11 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Дуйсенов Е. Г.
2017 жылғы 11 сәуір