Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 29.11.2017 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға арналған Әулиекөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 29.11.2017 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 7 маусым №165 қаулысына қосымшасы |
2017 жылға арналған Әулиекөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 29.11.2017 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |||||||
Мектепке дейінгі ұйымдар | Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын орталықтар | Мектепке дейінгі ұйымдар | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағынорталық | Мектепке дейінгі ұйымдар | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | |||||
Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектепжанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Бөбек топтар | Мектепке дейінгі топтар | |||||||||
1 | Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Айгөлек" Әулиекөл бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 165 | - | - | 28079 | - | - | - | 5500 | - | - |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2 | Құсмұрын кенті | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Құсмұрын балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 120 | - | - | 26963 | - | - | - | 5500 | - | - |
3 | Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Ақбота" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 170 | - | - | 27200 | - | - | - | 5500 | - | - |
4 | Құсмұрын кенті | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Балапан" Құсмұрын бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | - | - | 37765 | - | - | - | 5500 | - | - |
5 | Новонежин ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің Новонежин "Балдәурен"бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | - | - | 29727 | - | - | - | 5500 | - | - |
6 | Аманқарағай ауылы | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай "Бөбек" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 95 | - | - | 28951 | - | - | - | 5500 | - | - |
7 | Құсмұрын кенті | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің Құсмұрын "Қарлығаш" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 | - | - | 30517 | - | - | - | 5500 | - | - |
8 | Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күнді шағын орталық | - | 50 | - | - | 11865 | - | - | - | - | - |