2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 257 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 қарашада № 7276 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамды,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны ұйымдар бөлінісінде 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудан әкімі Ж. Таукенов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 23 қазандағы
№ 257 қаулысына
1-қосымша

2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін орындарына квота

№ р/с

Кәсіпорынның, ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1

"Аман-Терсек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

265

0,4 %

1

  Әкімдіктің
2017 жылғы 23 қазандағы
№ 257 қаулысына
2-қосымша

2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

№ р/с

Кәсіпорынның, ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1

"Агрофирма "Диевская" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

500

0,2 %

1

2

"Қазақ көмір энергетикалық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

89

1,1 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады