2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10)-тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 4,522 гектар, "Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне республикалық маңызы бар "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 349-389 шақырымында және Тобыл өзені арқылы көпірдің 385 шақырымында А-22 автомобиль жолының учаскесін күрделі жөндеу" объектінің айналма жолына қызмет көрсету үшін жер учаскелеріне 2 жыл мерзімге шектеулі нысыналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 2 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Е. Жаманов |