2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19, 69-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес, Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Алшан, Антоновка, Шұнқырқөл, Шыбынды ауылдар аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,3313 гектар, "Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне республикалық маңызы бар "Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай" 349-389 шақырымында және Тобыл өзені арқылы көпірдің 385 шақырымында А-22 автомобиль жолының учаскесін күрделі жөндеу" объектінің айналама жолына қызмет көрсету үшін жер учаскесіне 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Досмұхамедов |