Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 82 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 7111 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Ш. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Жангелдин аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ___________________С. Бидашев

  Әкімдіктің
2017 жылғы 19 мамырдағы
№ 82 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 57 қаулысына қосымша

Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекендер

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Торғай ауылы

Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Жангелдин аудандық балалар -жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

2

Тәуіш ауылы

"Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Тәуіш ауылының кітапханасы жанындағы тақта.

3

Сужарған ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Сужарған ауылының клубы жанындағы тақта.

4

Саға ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Міржақып Дулатов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Саға ауылының клубы жанындағы тақта.

5

Қарасу ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Қарасу ауылының клубы жанындағы тақта.

6

Ақкөл ауылы

Ақкөл ауылдық кітапханасы жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

7

Көкалат ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Албарбөгет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Көкалат ауылының клубы жанындағы тақта.

8

Аралбай ауылы

"Жангелдин ауданының Аралбай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Аралбай ауылының клубы жанындағы тақта.

9

Қалам-Қарасу ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Қалам-Қарасу ауылының клубы жанындағы тақта.

10

Ақшығанақ ауылы

Ақшығанақ ауылының кітапханасы жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

11

Шеген ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Аманкелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Шеген ауылының клубы жанындағы тақта.

12

Милісай ауылы

"Жангелдин ауданының Милісай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

13

Шилі ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қайнекей Жармағанбетов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Шилі ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

14

Бидайық ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Бидайық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады