Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 31.05.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 150 "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4583 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мәслихат шешімінің орыс тіліндегі қосымшасындағы жолы, реттік нөмірі 1 жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Оспанов |
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Нургазин |
КЕЛІСІЛДІ
Жангелдин ауданының
Жаркөл ауылдық округінің әкімі
________________ Ә. Қонысбаев