Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы № 145 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қарашада № 7300 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 385 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 27.02.2020 № 385 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 227 "Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4807 тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы Р. Шукманова
      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Кабиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы Жітіқара ауданы

      Мүктікөл ауылының әкімі

      __________________ С.З. Жұмабаев

      2017 жылғы 17 қазан

  Мәслихаттың
2017 жылғы 17 қазандағы
№ 145 шешіміне 1-қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылының
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылының (бұдан әрі – Мүктікөл ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Мүктікөл ауылының тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Мүктікөл ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Мүктікөл ауылының әкімімен шақырылады.

      Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Мүктікөл ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Мүктікөл ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Мүктікөл ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Мүктікөл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Мүктікөл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мүктікөл ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Мүктікөл ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2017 жылғы 17 қазандағы
№ 145 шешіміне 2-қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мүктікөл ауылы көшелерінің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Животноводческая көшесі

3

2

Торговая көшесі

3

3

Ленина көшесі

2

4

Урожайная көшесі

3

5

Семенюка көшесі

3

6

Новая көшесі

2

7

Набережная көшесі

2

8

Клубная көшесі

1

Барлығы:

19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады