Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 07.06.2019 № 411 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 231 "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4760 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Тюлюбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық
округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы
____________________________Д. Алматов
Мәслихаттың 2017 жылғы 3 қарашадағы № 183 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 231 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің Лесное ауылының тұрғындары үшін | 40 |