Муслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 117 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 6949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 23.04.2024 № 168 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы,
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Копжасаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      __________________ Р. Лактионова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Экономика және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады