Әкімдіктің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 "Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 163 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қазанда № 7234 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 "Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5429 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      22-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

22

Балықты ауылы

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Балықты бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд".

                                                                              ";

      26-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Меңдіқара аудандық

      сайлау комиссиясының

      төрағасы

      ____________ В. Король

      2017 жылғы 31 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады