"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 29 мамырдағы № 316 "Меңдіқара ауданы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5669 тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымдағы "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған).
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Арықов |
КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Ә. Қошанов