Мәслихаттың 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 50 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 93 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 мамырда № 7063 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 390 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 07.12.2020 № 390 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 504 қаулысына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 50 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6628 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Курьер Казахстана" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2- тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын коммуналдық мемлекеттік мекеме;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы оқу орындарында білім алумен байланысты, нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі - білім), алған тұлғалар санынан, оқу жылы ағымында екi бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде:

      өтініш жасаудың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге;";

      14-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы С. Дүтпаев
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және

      әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Е. Раисов

      2017 жылғы 3 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады