Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 7218 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 01-20/106 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7071 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі және 2017 жылғы 20 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Комсомол ауылдық округі әкімінің
      міндеттерін атқарушы Р. Шәріпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Сарыкөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Е. Қ. Құрманов

      2017 жылғы 13 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің

      Сарыкөл аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысының

      міндеттерің атқарушы

      ______________________ И. И. Шинкоренко

      2017 жылғы 13 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі"мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ Ш. Ж. Сатубалдин

      2017 жылғы 13 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады