Таран ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 76 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 наурызда № 6905 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Таран ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Н. Транда
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Таран ауданы әкімдігінің

      экономика және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _________________ В. Ересько

      "28" ақпан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады