Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 04.06.2018 № 208 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұзынкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессиясының төрағасы |
Б. Жумабаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Бараншина |
КЕЛІСІЛДІ
"Ұзынкөл ауданының әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Р. Сабидов
Мәслихаттың 2017 жылғы 17 наурыздағы № 90 шешіміне қосымша |
Ұзынкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ р/с | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үй иелігі | 1 тұрғын | 1,39 |
2 | Қонақ үй | 1 орын | 0,75 |
3 | Балабақша, бөбекжай | 1 орын | 1,06 |
4 | Мекеме, ұйымдар, офис, банк,байланыс бөлімшесі | 1 қызметкер | 1,26 |
5 | Емхана | 1 адам | 0,9 |
6 | Аурухана | 1 төсек-орын | 1,96 |
7 | Мектеп | 1 оқушы | 0,14 |
8 | Дәмхана | 1 орын | 0,46 |
9 | Концерт залы | 1 орын | 1,26 |
10 | Стадион | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
11 | Азық-түлік дүкені | Сауда алаңы 1 м2 | 0,67 |
12 | Өнеркәсіптік тауарлар дүкені | Сауда алаңы 1 м2 | 0,67 |
13 | Дәріхана | Сауда алаңы 1 м2 | 0,14 |
14 | Автожанармай құю станциясы | 1 машина-орын | 1,26 |
15 | Монша | Жалпы алаңы 1 м2 | 2,3 |
16 | Шаштараз | 1 жұмыс орын | 1,26 |