"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кезектен тыс сессиясының төрайымы | В. Лазарева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бараншина |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
__________________ У. Наурызбаева
2017 жылғы 2 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ұзынкөл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
___________________ Б. Займулдынова
2017 жылғы 2 маусым