"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ұзынкөл ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 6 "Ұзынкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 болып тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасында № 768 және № 778 учаскелерінің шекаралары келесі редакцияда жазылсын:
"№ 768 сайлау учаскесі
Шекараларында: Речное ауылы.";
"№ 778 сайлау учаскесі
Шекараларында: Белоглинка ауылы, Комендантское ауылы.";
№ 783 және № 788 сайлау учаскелер жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ұзынкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы
__________________ О. Карпенко
2017 жылғы 12 қыркүйек