Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 6846 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ұзынкөл ауылдық округінің Ұзынкөл ауылы халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылының Центральный көшесі Е.К. Жамбыршин атындағы көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұзынкөл ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Қ. Нұрмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады