1. Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 457 "Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5322 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Федоровские новости" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің экономика мәселері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Исабаев |