1. Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі Малороссийка ауылының аумағында орналасқан "КиТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағынан ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары 2016 жылғы 12 желтоқсаннан бастап тоқтатылсын.
2. "Қостанай облысы Федоров ауданы Малороссийка ауылының аумағында орналасқан "КиТ" жауапкершілігі шектеулі серіктеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 18 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6714 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 12 желтоқсанда туындаған қатынастарға таратылады.
Е. Абдурахманов |
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ У.А. Успанов