Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 23/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 5413 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 18.01.2021 № 27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4587 болып тіркелді, 2015 жылғы 17 шілдеде "Регион.kz" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

      1) құрылымдық бөлімшенің маманы өтінішті қабылдайды, тексереді және тіркейді, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде "Телнұсқа" деген белгіні көрсетеді, басқарма басшысына немесе оның орынбасарына жібереді - 15 (он бес) минут;

      2) басқарма басшысы немесе оның орынбасары құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды - 4 (төрт) сағат ішінде;

      3) жауапты орындаушы:

      құжаттар топтамасын зерделейді, "Заңды тұлға" мемлекеттік дерекқор базасында (бұдан әрі - ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің бар болуын тексереді, ақпараттық жүйеге берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланған қызметтің түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын филиалдар, өкілеттіктер, (объектілер, пункттер, учаскелер), лицензиаттар туралы мәліметтерді енгізеді, "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызметті өңдейді, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуді уәкілетті органдармен келіседі, мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындайды:

      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 13 (он үш) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 1 (бір) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттардың болу фактісі белгілі болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;

      4) басқарма басшысы немесе оның орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тексереді және қол қояды - 4 (төрт) сағат ішінде;

      5) жауапты орындаушы басқарманың басшысы немесе оның орынбасары мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қойғаннан кейін мемлекеттік қызмет нәтижесін қызметті алушының электрондық поштасына жібереді - 4 (төрт) сағат ішінде.";

      9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өтініш пен құжаттарды тіркейді. Егер көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 9-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері қатысуға өтінімді қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      осы қаулымен бекітілген "Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәрiхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық бiлiмi бар мамандарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын.

      2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады