Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 27/1 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің денсаулық сақтау саласындағы
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4587 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Регион.kz" газетінде жарияланған).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 41/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 168/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 23/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 90/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5506 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).