Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 63-1/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 5482 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 11.07.2022 № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 19-1/446 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясы республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Р.Қ. Сүлейменов
      2017 жылғы "18" наурыз
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитетінің Павлодар
      облысы бойынша тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау
      департаментінің басшысы Е.Ж. Камелев
      2017 жылғы "18" наурыз

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы "17" наурыздағы
№ 63-1/2 қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
"Павлодар облысы
шекараларындағы Ертіс өзенінің
су қорғау аймақтары
мен белдеулерін белгілеу
туралы" № 219/8 қаулысына
2-қосымша

Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің
су қорғау аймақтары мен белдеулерінің
аумақтарында шаруашылық қызмет режимі

      1. Ертіс өзенінің су қорғау белдеулерінің шегіне:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға рұқсат етілмейді.

      2. Ертіс өзенінің су қорғау аймақтарының шегіне:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) рұқсат етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады