Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 106/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 170/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 5577 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 106/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырда "Регион.KZ" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Мамандар: дәрігер, тіс дәрігері, нұсқаушы, диеталық мейіргер, мейіргер, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) маманы, мамандандырылған мейірбике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, психолог, дефектолог.".

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Г. Әбішева
      2017 жылғы "15" маусым
      Облыстық мәслихат хатшысы В. Берковский
      2017 жылғы "15" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады