Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңартылған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 106/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 5121 болып тіркелді.

      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 20.03.2019 № 65/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 20.03.2019 № 65/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда Павлодар облысы әкімдігінің 25.12.2020 № 284/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ. Қ. Сәдібековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Терентьев
      2016 жылғы "15" сәурдегі
      Облыстық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы А. Оспанова
      2016 жылғы "15" сәурдегі

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәурдегі
№ 106/3 қаулысына
1-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық
жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың лауазымдар тізбесi

      1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары.

      2. Бөлімше (бөлімше, зертхана, филиал, бөлім) басшысы.

      3. Дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі.

      4. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, диеталық мейіргер, тіс дәрігері (дантист), тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің зертханашысы), мейіргер, фельдшер, статистик, зертханашы (медициналық), медициналық тіркеуші, провизор (фармацевт), психолог, рентген зертханашысы, психолог-маманы, фармацевт, фельдшер (-зертханашы), әлеуметтік қызметші, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, нұсқаушы-дезинфектор.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәурдегі
№ 106/3 қаулысына
2-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 03.10.2023 № 243/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулымен.

      1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Құрылымдық бөлімше, бөлім, сектор басшысы, бөлімше меңгерушісі.

      3. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, нұсқаушы, диеталық мейіргер, мейіргер, қарттарға және мүгедектігі бар тұлғаларға күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мансап орталығының құрылымдық бөлімше (бөлім, сектор, топ) маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, психолог, дефектолог, мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, мансап орталығының ассистенті.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәурдегі
№ 106/3 қаулысына
3-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 222/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Шеберхана, зертхана, сектор, бөлімше, кітапхана басшысы (меңгерушісі).

      3. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу ұйымының шебері-оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, әдіскер, музыкалық жетекші (негізгі қызмет), педагог-психолог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беретін педагог, барлық мамандықтағы дәрігерлер, диеталық мейіргер, мейіргер, кітапханашы, жаттықтырушы-оқытушы.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәурдегі
№ 106/3 қаулысына
4-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 222/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мәдениет және архив ісінің мемлекеттік мекемесі және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Архив, архив қоймасының, кітапхана, әдістемелік кабинет, өндірістік шеберхана басшысы (меңгерушісі), құрылымдық бөлімше, сектор, бөлім, филиал басшысы, көркемдік жетекші, ұжым (үйірме) жетекшісі, музыкалық жетекші.

      3. Мамандар: аккомпаниатор, барлық атаулардың әртісі, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдіскер, суретші, хореограф, қорлардың бас қорғаушысы, архивист, архивші, археограф, экскурсовод, музейлер қорын есепке алу архивисті, режиссер, концертмейстер, хормейстер, репетитор, редактор.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәурдегі
№ 106/3 қаулысына
5-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесi

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын, филиал басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Спорт ғимараты, бассейн меңгерушісі.

      3. Мамандар: нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәурдегі
№ 106/3 қаулысына
6-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық
жерде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы
мамандардың лауазымдар тізбесi

      1. Ветеринарлық дәрiгер.

      2. Ветеринарлық фельдшер.

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
7-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қаулы 7-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 20.03.2019 № 65/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Облыстық маңызы бар орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және орынбасары.

      2. Облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеменің орман шаруашылығы басшысы (бас орманшы).

      3. Облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеменің орман шаруашылығы басшысының орынбасары.

      4. Орманды күзету және қорғау инженері, орманды пайдалану жөніндегі инженер, орманды қалпына келтіру жөніндегі инженер, ағаш отырғызушы-инженер.

      5. Мамандар: орманшы (инспектор), аңшытанушы, орман (учаске) шебері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады