Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 15/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 236/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 тамызда № 5599 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 242/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.08.2019 № 242/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану және мемлекетті сатып алуды жүргізудің сапасын арттыру мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 15/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4919 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" сөздері "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Арыноваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады