Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 3 ақпандағы "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Павлодар облысы қалаларының және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" № 427/48 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4953 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Крук |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |