Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы "2017 жылғы агроөнеркәсіптік кешені саласындағы кейбір мәселелер туралы" № 64/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5430 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жылқы етін өндіру құнын арзандату үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен субсидиялар көлемдері;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын 2017 жылға арналған өлшемдер мен талаптар бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2, 3-қосымшасына сәйкес 7, 8-қосымшаларымен толықтырылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Қ. Қасеновке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" желтоқсандағы № 394/6 қаулысына 1-қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "24" наурыздағы № 64/2 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын
арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға
арналған жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдері
Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативтері, 1 бірлік үшін, теңге | Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана) | Субсидиялау сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Етті мал шаруашылығы | ||||
Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
Тауарлы аналық бас | ||||
Базалық норматив | бас | 10 000 | 46 693 | 466 930 |
Қосымша норматив: | ||||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 8 000 | 25 431 | 203 448 |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 6 000 | 5 991 | 35 946 |
Асыл тұқымды аналық бас | ||||
Базалық норматив | бас | 10 000 | 15 500 | 155 000 |
Қосымша норматив: | ||||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20 000 | 7 493 | 149 860 |
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 2 323 | 34 845 |
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 2 789 | 418 350 |
Барлық сомасы | 1 464 379 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
Асыл тұқымды аналық бас | ||||
Базалық норматив | бас | 10 000 | 7 581 | 75 810 |
Қосымша норматив | ||||
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20 000 | 3 601 | 72 020 |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 200 | 3 000 |
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 291 | 49 470 |
Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату: | ||||
бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық | кг | 25 | 18 545 876 | 463 646,9 |
бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | кг | 15 | 6 666 730 | 100 000,950 |
ауыл шаруашылығы кооперативтері | кг | 10 | 2 000 801,4 | 20 008,014 |
Барлық сомасы | 783 955,864 | |||
Мал шаруашылығы | ||||
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3 000 | 4 000 | 12 000 |
Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 41 | 4 100 |
Барлық сомасы | 16 100 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | ||||
1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | кг | 50 | 2 000 000 | 100 000 |
Барлық сомасы | 100 000 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||
нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | кг | 100 | 2 000 000 | 200 000 |
Барлық сомасы | 200 000 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 2 500 | 2 426 | 6 065 |
тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 15 000 | 22 500 |
Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||
тұқымдық қошқарлар | бас | 20 000 | 100 | 2 000 |
Барлық сомасы | 30 565 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 32 | 3 200 |
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 57 | 2 280 |
Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | кг | 60 | 199 559 | 11 973,540 |
жылқы етін өндіру құнын арзандату | кг | 92 | 250 713 | 23 065,596 |
Барлық сомасы | 40 519,136 | |||
Балара шаруашылығы | ||||
Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы | 10 000 | 570 | 5 700 |
Барлық сомасы | 5 700 | |||
Барлығы | 2 641 219 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" желтоқсандағы № 394/6 қаулысына 2-қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "24" наурыздағы № 64/2 қаулысына 7-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған
республикалық бюджеттен субсидиялар көлемдері
Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативтері, 1 бірлік үшін, теңге | Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана) | Субсидиялау сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Етті мал шаруашылығы | ||||
Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
Тауарлы аналық бас | ||||
Базалық норматив | бас | 10 000 | 5 553 | 55 530 |
Қосымша норматив: | ||||
Асыл тұқымды аналық бас | ||||
Базалық норматив | бас | 10 000 | 918 | 9 180 |
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 1 041 | 156 150 |
Барлық сомасы | 220 860 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
Асыл тұқымды аналық бас | ||||
Базалық норматив | бас | 10 000 | 681 | 6 810 |
Қосымша норматив: | ||||
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 160 | 2 400 |
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 317 | 53 890 |
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | ||||
Еуропа және ТМД елдерінен | бас | 150 000 | 363 | 54 450 |
Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату: | ||||
бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | кг | 15 | 4 333 333 | 64 999,995 |
Барлық сомасы | 182 549,995 | |||
Мал шаруашылығы | ||||
Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | ||||
нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап | бас | 45 000 | 1 238 | 55 710 |
Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 2 | 200 |
Барлық сомасы | 55 910 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | ||||
1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | кг | 50 | 1 361 692 | 68 084,6 |
Барлық сомасы | 68 084,6 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,2 | 82 272 720 | 180 999,984 |
20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2 | 20 000 000 | 40 000 |
Барлық сомасы | 220 999,984 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||
нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | кг | 100 | 5 189 819,21 | 518 981,921 |
Барлық сомасы | 518 981,921 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 1 949 | 2 923,5 |
Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||
тұқымдық қошқарлар | бас | 20 000 | 152 | 3 040 |
Қозы етін өндіру құнын арзандату | бас | 1 500 | 1 840 | 2 760 |
Барлық сомасы | 8 723,5 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 22 | 2 200 |
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 212 | 8 480 |
Барлық сомасы | 10 680 | |||
Азық өндіру | ||||
Мал шаруашылығын өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату | тонна | 20 000 | 20,5 | 410 |
Барлық сомасы | 410 | |||
Барлығы | 1 287 200 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" желтоқсандағы № 394/6 қаулысына 3-қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "24" наурыздағы № 64/2 қаулысына 8-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы
кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын
өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара
малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді
жеткізушілерге қойылатын 2017 жылға арналған өлшемдер мен талаптар
Р/с № | Өлшемдер мен талаптар |
1. | Жұмыс мерзімі мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізілім бойынша расталуымен ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжірибесінің болуы |
2. | Көлік криоген цистернасы түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған сұйық азотты тасымалдауға арналған жеке меншік құқығында немесе ұзақ мерзімді жалдауда арнайы автокөліктің болуы |
3. | Жеке меншік құқығында тұқымдық бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС-35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы |
4. | Штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы |