Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 6 наурыздағы № 122/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 наурызда № 5415 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 523/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.09.2020 № 523/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне (2015 жылғы 8 шілдедегі № 1 "Ел Ақпарат" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 9) тармақшасының абзацын келесі мазмұңмен толықтыру:

      "бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар".

      8 тармақтың 2) тармақшасын келесі абзацтар мазмұңдарымен толықтыру:

      "7-тармақтың 9) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5 АЕК мөлшерінде - өтініш пен қоса берілетін екінші деңгейдегі банкінің есеп шотының нөмірі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны жайлы анықтамасы негізінде;

      7-тармақтың 2) тармақшасының бесінші (тек, Ауғанстан Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушылар) және алтыншы абзацтарында (тіс протездеуге) - өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банктінің есеп шотының нөмірі, медициналық мекемеден емделгені туралы анықтама".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы, қалалық
      мәслихаты хатшысы З. Мұқашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады